Жаңалықтар
Кефир йод тапшылығына қарсы
«Мимино» кинофильміндегі «Неге кефир жемейсіздер?» деген сұрақ есіңізде ме?! Міне, мұндағы маңызды сөз – «жеу», ал «ФудМастердің» йодпен байытылған жаңа кефирдің шығуымен оның мағынасы екі есе өсті. «Кефир — сүтті саңырауқұлақтар немесе сүт қышқылдары бактерияларымен сүтті сіңіру арқылы алынатын дәстүрлі ашымалы сүт өнімі, - дейді Қазақ тағамдану академиясының вице-президенті, азық-түлік өнімдеріне мамандандырылған биотехнология зертханасының меңгерушісі Юрий Синявский. — Кефир сүт қышқылын, органикалық қышқылдарды және алкогольдің аз пайызын жинайды, ол оның тұтқырлығы мен ерекше дәмін айқындайды, сол арқылы көп адамның сүйікті сусынына айналды».
Кефирдің пайдасын асыра бағалау қиын. Кеңес кезіндегі «кефир мен нан» таңғы асын немесе барлық уақытқа арналған «ұйқы алдындағы бір кесе кефирді» еске түсіріп, оған бүгінгі «#пп хэштегі бар кефир пакетін» қосыңыз! Кефир ас қорытуды жақсартады және иммунитетті арттырады (білмейтіндер үшін: организмнің қорғаныс функциялары асқазан-ішек жолдарының белсенділігіне тікелей байланысты). Ол оңай сіңіріледі, сондықтан аштық сезімін бәсеңдетуге көмектеседі, сондай-ақ, оның калориясы аз болғандықтан, салмақ жинауға әсер етпейді. Кефирде аз мөлшерлі калория ғана емес, лактоза да бар, сондықтан лактоза жетіспейтін адамдарға жақсы көмектеседі.
«Кефирдің пайдасын бірнеше есе арттыруға болады, — дейді профессор Синявский. — Кефир тамақтанудың түрлі факторында ағзаға қажетті витаминдер, темір және басқа да микроэлементтермен байытылған». Қазақстандықтар көбіне йодты қажет ететіні ешкімге де құпия емес – ол бүкіл ағзаның жұмысын реттейтін қалқанша безінің гормондар синтезіне қатысатын микроэлемент. Біз йод тапшылығы бар эндемиялық аймақта өмір сүреміз: біздің топырағымыз бен суымызда йод аз. Бәріміз де қалқанша безі, оның ішінде, эндемиялық зоб және гипотиреоз, сонымен қатар, иммунитет тапшылығы, онкопатология ауруларына ұшырап, ақыл-ой қабілетін төмендету қаупіндеміз.
Йод тапшылығы мәселесі тек Қазақстанда ғана емес. Әлемдік статистикаға сүйенсек, жердегі әрбір төртінші адам йод жетіспеушілігінен зардап шегеді. Нәтижесінде бүкіл әлемде 740 миллион адамда қалқанша безі ұлғайған, ал 40 миллионда ақыл-ой қабілеті төмендеген. Алайда денеде йод тапшылығынан туындаған патологиялық жағдайлардың көбі симптомсыз болып табылады...
Йод тапшылығы мәселесінің ауқымы сонша, ол ұзақ уақыттан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бақылауымен келеді. Йодты қабылдаудың нормалары бекітілді: Қазақстанда балалар үшін күніне 50-60 мкг және ересектер үшін 100-200 мкг. Йодтың ең құнды көзі болып табылатын балық пен теңіз өнімдерін жиі тұтынуға кеңес беріледі. Мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, енгізілді, соның арқасында негізгі азық-түлік өнімдері міндетті түрде йодталады. Қазақстандық бірқатар өндірушілер тұз бен ұнға да йод қосады. «Тағамдарға қосымша йод қосу деңгейі ұсынылған мөлшердің 30-50%-ын құрайды», - деп түсіндірді профессор Юрий Синявский.
Тұтыну өнімдерінің әлеуметтік жауапты өндірушісі саналатын «ФудМастер» де тыс қалған жоқ. Компания йодпен байытылған жаңа кефирды ұсынады. Ол қарапайым кефирның дәмімен бірдей, себебі ол да сол рецепт бойынша сондай ингредиенттермен, яғни, табиғи сүт пен ашытқыдан жасалған. Тамаққа йодталған «ФудМастер» кефирын қосу арқылы йод тапшылығының алдын алуға болады, яғни, қалжырауды жою, есте сақтау қабілетін жақсарту, сонымен қатар, йод тапшылығынан туындайтын қауіпті аурулардан құтылуға мүмкіндік бар.
«Йодталған кефир Қазақстандағы барлық ересек тұрғындарға көрсетілді, - деп қорытындылады профессор Синявcкий. — Балалар үшін спирт өндірмейтін ашытқы дақылдарынан жасалған арнайы өнімді таңдау керек. Йодталған кефирді бізге жақсы таныс дәстүрлі кефирмен бір қатарда таза түрінде ішу қажет. Бірақ түрлі тағамдарды жасау барысында оны қолданудың қажеті жоқ: йод ұшпа элемент саналады және термоөңдеу кезінде жылдам буланып кетеді (бұл тұзға да қатысты: тұзды тағам дайындаудың қорытынды кезеңінде ғана пайдалану керек).
Ең бастысы, «FoodMaster» йодталған кефирінде денсаулыққа маңызды дұрыс формадағы микроэлемент пен қажетті көлемі бар, сондықтан ағзада йод көп болып кетеді деп қорқудың керегі жоқ: әркім йодты өзіне қажетті деңгейде игереді. Ас болсын! Деніңіз сау болсын! Сіздің «ФудМастеріңіз»